Павлодарлық паралимпиада чемпионы 50-ден асқанда арманына қол жеткізді

Павлодарлық паралимпиада чемпионы 50-ден асқанда арманына қол жеткізді

Енді пара-атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ольга Лим ерекше қажеттілігі бар адамдарды жаттықтыра алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz 

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің шәкірттеріне диплом табыстаудың салтанатты  рәсімі өтті. Диплом алған түлектердің қатарында пара-атлетика және триатлон бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, мүгедектер арбасында жүгіруден Шанхай ынтымақтастық ұйымы марафонының жеңімпазы Оксана Лим бар. 

Психология бойынша бакалавр дәрежесін алып, мүмкіндігі шектеулі спортшылармен спорт психологы болып жұмыс істеуді жоспарлап отырмын, – дейді 51 жастағы Оксана Лим.

Оксана өзінің спорттық мансабын 18 жыл бұрын жеңіл атлетикадан бастаған. 2017 жылға дейін мүгедектер арбасындағы халықаралық жарыстарда бақ сынады. Биыл Оксана Алматыда өткен Паралимпиада ойындарында да сәтті өнер көрсетіп, бірден үш алтынды жеңіп алды. Сонымен қатар, спортшы 2009-2018 жылдар аралығында мүгедектер арбасындағы бимен айналысқан. 

Ол кәсіби қызметінде ерекше қажеттіліктері бар спортшыларға үлгі болу арқылы ерік-жігері мықты жас чемпиондарға қолдау көрсетуді армандайды. 

Диплом табыстау рәсімінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жарқынбек Амантайұлы түлектерді шын жүректен құттықтап, жастардың алдағы өміріне және кәсіби қызметіне сәттілік тіледі.

Сіздердің алған дипломдарыңыз – ұлт болашағының аманатын арқалаған аса маңызды құжат, үлкен өмірге жолдама. Сіздерге Тәуелсіз Қазақстанның білім саласының дамуына орасан зор үлес қосқан ардагер ұстаздардың жолын берсін деп тілеймін!, – дейді Жарқынбек Амантайұлы.

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің 800-ге жуық түлегі ұстаздық біліктілігін растайтын дипломға ие болды.

Фото: Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті ұсынды