Дала демократиясы: павлодарлық педагог Конституцияның преамбуласы туралы

Дала демократиясы: павлодарлық педагог Конституцияның преамбуласы туралы
Фото: Захар Шишко

Педагогика ардагері еліміздің негізгі заңының кіріспе бөлігіне тоқталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы білім және ғылым қызметкерлері салалық кәсіподағының төрайымы Гүлбарам Науразбаева конституциялық реформаларға қатысты пікірін білдірді. Оның айтуынша, Қазақстан халқы елдің болашағын айқындайтын жаңа саяси науқанның алдында тұр.

– Мен құжаттың преамбуласына назар аудардым. Онда еліміз өз мемлекеттік құрылысын туған қазақ жерінде қалыптастыратыны, Ұлы даланың мыңжылдық тарихына сүйенетіні, мемлекеттің біртұтас әрі бөлінбес екені, шекаралары мен аумақтық тұтастығының мызғымас екені айтылған. Мұның бәрі Әділетті Қазақстан идеясына негізделген, – дейді Гүлбарам Науразбаева.

Оның пікірінше, жаңа Конституция жобасы – сол «дала демократиясының» жалғасы.

– Жобада ең бастысы – адам және оның құқықтары. Әркім өз пікірін білдіріп, мүддесін қорғай алады. Құжатта технологиялар қарқынды дамыған заманда адамның цифрлық қауіпсіздігі да көрініс тапқаны құнды, – деп толықтырды Гүлбарам Науразбаева.

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодар облысының депутаттық корпусы мен қоғам өкілдері Конституция жобасына қатысты өз көзқарастарын білдірген еді.