ДКО: Мерейтойлық пошта маркасы салтанатты түрде таныстырылды
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында «Қазақстанның мәдениеті мен спорты» аясында мерейтойлық пошта маркасын арнайы мөрлеу рәсімі өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл оқиға – көшпенді халықтардың бай мәдени мұрасын құрметтейтін және бағалайтын барлық жандар үшін маңызды шара.
Мөрлеу рәсімі ресми ұйымдастырылды. Іс-шараға 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нұров және «Қазпошта» АҚ Басқарма төрайымы Әсел Жанасова арнайы пошта мөрімен мөрлеу рәсімін жүргізді.
Рәсім барысында ДКО дирекциясының басшысы Наиль Нұров бүгінгі іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, оның мәдени мәніне ерекше тоқталды.
– 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – бұл тек спорттық іс-шара ғана емес, біздің дәстүрімізбен, мәдени мұрамызбен бірегей байланыс. Мерейтойлық пошта маркасын шығару – бұл біздің өткенімізге деген мақтаныштың және оны болашақ ұрпаққа жеткізуге деген ұмтылысымыздың символы, – деді Наиль Нұров.
Сондай-ақ ол бұл бастаманың адамдарды біріктіріп, көшпенді халықтардың мәдени дәстүрлерін сақтауға және дамытуға шабыттандыратынына сенім білдірді.