Шарбақты ауданында жол жөндеу жұмыстары аяқталды
Жөндеу жұмыстары қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Биыл ауданда жоспар бойынша 44 шақырым автомобиль жолы жөнделді. Аудандық маңызы бар жолдардан екі нысан қамтылды – облыстың Шарбақты-Северное-шекарасы 24,7-32,433 және Сахновка ауылына кіреберіс жол.
Шарбақты бағытындағы ең маңызды нысан республикалық маңызы бар «Павлодар-Шарбақты-РФ шекарасы» автомобиль жолының 0-6 км (жалпы ұзындығы 5,4 км) учаскесін орташа жөндеу болды.
Сондай-ақ, жалпы өңірдің көлік инфрақұрылымын дамыту үшін маңызы зор кірме жолдарға да жөндеу жұмыстары жасалды. Заборовка, Арбиген және Шегірен ауылдарына үш кіреберіс жолда орташа, Шарбақты кентіне кіреберіс жолда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Бұдан басқа, Шарбақты ауданында 16 км кентішілік көшелерге асфальт төселді, оның 6,5 км күрделі жөндеуден өтті. Аудан орталығында күрделі жөндеу жұмыстары бірінші, екінші шағын аудандарда және 8 наурыз көшесінде жүргізілді. Шарбақты ауылындағы 9 Май және Южная көшелерінде кентішілік жолдар ағымдағы жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Орловка ауылында Жеңіс, Восточная, Западная көшелері, Победа көшесінен «Молочный товар» фермасы көшесіне дейінгі өтпе жол, Алексеевка ауылында Алексеевка, Первомайская және Молодежная көшелері, Хмельницкое көшесінің қиылысы, Шегірен ауылында Абай, Терешкова, Тың Кеңес кентішілік жолдары асфальтталған.
Жөндеу жұмыстарының және жол-құрылыс материалдарының сапасын «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Павлодар филиалының мамандары тексерді.
– Шарбақты ауданының жөнделетін нысандарына 40 рет барып, жол-құрылыс материалдарынан 141 сынама алдық. Олардың барлығы біздің зертханада сапа сынағынан өтті, – деді сапа бөлімінің бастығы Марат Валиев.
Сынақ нәтижелері бойынша Орловка ауылының кентішілік жолынан алынған екі сынама стандарт талаптарына сәйкес келмеді, алайда мердігерлік ұйыммен бұзушылық жойылды. Айта кетерлігі, анықталған кемшіліктер мердігер ұйымның қаражаты есебінен жойылады.
Барлық нысан мерзімінде аяқталып, пайдалануға берілді. Мердігерлік ұйым – «ИНЭК Қазақстан» ЖШС.
Еске салайық, бір-екі жылда Павлодар облысының барлық елді мекендеріне баратын жолдарды жөндеу жоспарланған.