Екібастұз жанармай құю станциясында Өзбекстан азаматтары заңсыз еңбек еткен

Екібастұз жанармай құю станциясында Өзбекстан азаматтары заңсыз еңбек еткен
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Шетелдік алты азамат Шідерті кентінің жанармай құю станциясында жұмыс істеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, олардың төртеуіне Астана мен Алматыда еңбек ету рұқсаттары берілген, ал екеуі тек елге келген. 

– Еңбек мигранттарын пайдалануға тыйым салынғанына қарамастан, жосықсыз жұмыс берушілердің көші-қон заңнамасын бұзуы анықталуда. Соңғы аптада Орта Азия елдерінің 75 азаматы анықталды. Олар кәсіпкерлерде жұмыс істеген, ал рұқсатта үй шаруашылығында еңбек етуге рұқсат көрсетілген, – деді департаментте. 

Бұдан бөлек, тағы екі шетелдік Павлодар-Қызылорда автожолында шаруа қожалығы объектісінің құрылысында жұмыс істеген. Бұл ретте олардың бірі Қазақстан Республикасында заңсыз болған, елде болуға рұқсат беру мерзімі бір жарым ай бұрын аяқталған. Үшінші жағдайда көші-қон қызметінің қызметкерлері тұрғын үй кешенінің құрылысында Өзбекстанның 13 азаматынан тұратын  бригаданы анықтады, олар полиция бөліміне іс жүргізу үшін жеткізілді. Барлық 13 азаматтың тиісті рұқсаттары болмаған. 

Айта кетерлігі, жалпы алғанда жедел алдын алу шарасы басталғаннан бері елде болу мерзімін бұзғаны үшін 107 шетелдік жауапқа тартылды. Оның ішінде елде ұзақ уақыт заңсыз болған 11 заңсыз иммигрант, сот шешімдерімен 13 шетелдік Қазақстаннан шығарылды.