Павлодар облысында есірткіге қарсы күресте 75 заңсыз контент жойылды

Павлодар облысында есірткіге қарсы күресте 75 заңсыз контент жойылды
Фото: Константин Шелков

«OLX» хабарландыру сайтында 115-тен астам жарияланым өшірілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің нашақорлық қылмыстарына қарсы іс-қимыл жөніндегі басқармасының бастығы Тимур Қаржаубаев мәлім етті. 

– Интернет-технологиялардың қарқынды дамуын және ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып, есірткі құралдарын жарнамалау және насихаттау белсенді қолданылады. Біз еріктілер және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен құрылған «Кибер серіппемен» өзара іс-қимыл жасай отырып, ақпараттық кеңістіктің мониторингін тұрақты негізде жүзеге асырамыз, - дейді басшы.

Оның айтуынша, өңір аумағында қаптамашылар арқылы есірткі заттарын тарату мақсатында телеграм мессенджерінде интернет дүкен құрған 5 азамат ұсталды.

Аталмыш заңсыз контенттің аудиториясы бірнеше мыңнан миллионға дейін жетеді. Мұндай ақпараттық өнімдердің ең қорғалмаған санаттары мен негізгі тұтынушылары балалар мен жасөспірімдер. Олар агрессивті үгіт-насихат әсеріне оңай түседі. 

– Бұл мәселе бойынша алдын алу субъектілерінің негізгі міндеттерінің бірі — есірткіге қарсы мазмұнның теріс әсерін азайту. Бірінші кезекте – өскелең ұрпаққа, - дейді спикер.

Сондай-ақ, басқа органдармен және құрылымдармен бірлесіп, есірткіге қарсы іс-қимылдың барлық бағыттары бойынша күш-жігерді арттыру жалғастырылды.

Бүгінде кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері басты назарда қалып отыр.

 Басшының сөзінше, ағымдағы жылы кәмелетке толмағанды интернет желісімен қаптама қою арқылы синтетикалық есірткіні таратумен байланысты қылмыстық әрекетке тартумен байланысты бір қылмыс құжатталған. 

– Біз тыйым салынған заттарды қолдану мен таратудың құқықтық салдары мәселелері бойынша алдын алу жүйесінің субъектілерін үнемі хабардар етіп отырамыз, мүдделі ведомстволармен бірлесіп мектеп оқушылары, колледждер мен ЖОО студенттері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз, - дейді ол.

Айта кетейік, полиция департаменті өңір тұрғындарын белсенді азаматтық ұстанымға шақырады. Есірткі құқық бұзушылығына байланысты құқық бұзушылықтар туралы ақпарат белгілі болған жағдайда, полицияға хабарлауды немесе телеграм-ботты пайдалануды сұрайды.