Екібастұзда үйіне кіре алмаған ер адам құтқарушыларды шақырды

Екібастұзда үйіне кіре алмаған ер адам құтқарушыларды шақырды

Сол кезде үйінде баласы ұйықтап жатқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Екібастұз ТЖД мәліметінше, оқиға 5 мамыр күні сағат 16.00-де болған.

- Ер адам жеті жасар ұлының есікті ашпай жатқанын, баласының есікті қаққанына және қоңырауларға жауап бермейтінін хабарлады. Оқиға орнына келген құтқарушылар арнайы құралдың көмегімен алдыңғы есікті ашты. Сол кезде бала қатты ұйықтап жатқан, - делінген хабарламада.

Сол күні құлаған және өздігінен көтеріле алмайтын зейнеткерге де шұғыл көмек қажет болған. Мұнда құтқарушылар альпинистік жабдықтың көмегімен төртінші қабаттың балконынан үшінші қабатқа түсіп, пәтерге кірген. Әжесі кіреберісте отырған. Оны көтеріп, диванға жатқызып, жедел жәрдем шақырды.