Павлодарда мейрамханаға жарылғаш қойылғаны туралы қоңырау түскен

Павлодарда мейрамханаға жарылғаш қойылғаны туралы қоңырау түскен
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Әлеуметтік желіде «Інжу» мейрамханасының жанында полиция, 102, 103 қызметтері тұрғаны түсірілген видео тараған.

Облыстық полиция департаменті қоңырау шалған адамның жеке басын анықтап, іс жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізілді. 

Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.