Жексенбіде Павлодар облысында апаттарда 11 адам зардап шекті
Жол-көлік оқиғалары Екібастұз, Баянауыл маңы және Павлодар ауданында орын алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі хабарлағандай, алғашқы апат Екібастұздан 15 шақырым жерде болған. Онда екі көлік соқтығысқан. Шақыруға бірден екі жедел жәрдем бригадасын жіберу туралы шешім қабылданды. Бірінші реанимобиль 10 минуттан кейін орнында болды.
Апаттан зардап шеккен 30 және 45 жастағы екі адам ауруханаға жатқызудан бас тартты. Бірақ үш бала - 4, 7 және 12 жастағы қыздар әртүрлі жарақаттармен Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді.
- Осыған ұқсас апат Баянауыл ауданындағы Жасыбай және Торайғыр көлдері арасындағы жолда тіркелді. 103 пультіне қоңырау шалғаннан кейін жету 11 минутты құрады. Екі көліктің соқтығысуы нәтижесінде 35 жастағы әйел мен 45 жастағы ер адамға, сондай-ақ екі балаға-бір жарым жасар қыз бен 11 жасар балаға көмек қажет болды. Төртеуі де орталық аудандық ауруханаға жатқызылды, - дейді жедел жәрдем қызметкерлері.
Павлодар ауданында тағы бір ЖКО орын алды. Богдановка ауылының маңында көлік кюветке ұшып кетті. 32 жастағы әйел мен 34 жастағы ер адам зардап шекті. Олар № 1 Павлодар қалалық ауруханасына орташа ауыр жағдайда жеткізілді.
Айта кетейік, өткен жексенбіде Павлодар жедел жәрдеміне электр жарақатына байланысты шақыру келіп түсті. Павлодардың шығыс өнеркәсіп аймағында 33 жастағы ер адам электр тогынан зардап шекті. Жағдайы ауыр, жақын маңдағы аурухана - Сұлтанов атындағы облыстық клиникалық ауруханасына жатқызылды.
Фото: Константин Шелков