Екібастұзда автобус жол жүру бағытын уақытша өзгертті

Екібастұзда автобус жол жүру бағытын уақытша өзгертті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 маусым сағат 18:00-ден бастап 20 маусым 9:00-ге дейін Торайғыров көшесі – Бауыржан Момышұлы қиылысындағы кәріз құбырында жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты Бауыржан Момышұлы көшесінен Қонаев көшесіне дейін Торайғыров көшесі жабылады.

Осыған байланысты, №7 маршрут Мәшһүр Жүсіп көшесімен жүргенде Торайғыров көшесімен Бауыржан Момышұлы көшесінің қиылысына дейін Торайғыров көшесіне шығып, одан әрі Бауыржан Момышұлы – Абай (Қонаевқа қарай) «Заря» дүкені аялдамасына дейін жүріп, Абай – Мәшһүр Жүсіп көшелерін айналып, бұдан әрі схема бойынша қатынайды.