Екібастұзда оқушылар полицейлерге алғыс хаттар жолдап, сыйлықтар ұтты

Акция балалар мен құқық қорғау органдары арасындағы сенімді нығайтуды көздейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Назар аударыңыз, балалар!» іс-шарасы аясында мектеп оқушылары арасында «Полицейге хат» атты шығармашылық акция өтті.
Оқушылар жол, өрт, судағы және қоғамдық орындардағы қауіпсіздік ережелері жайлы өз ойларын жазды. Бірінші орынды №24 ЖОББМ 9-сынып оқушысы Диана Мидинова жеңіп алып, велосипедпен марапатталды. Екінші және үшінші орын иегерлері – Камила Кәрімова мен Нұрсұлтан Оразбекке де бағалы сыйлықтар табысталды. Жалпы 25 оқушы белсенді қатысқаны үшін атап өтілді.
Іс-шара полиция бөлімшесіне экскурсиямен, жол инспекторларының түсіндіру жұмыстарымен және арнайы техниканың көрсетілімімен аяқталды. Ведомствода атап өткендей, мұндай акциялар Екібастұзда жыл сайын мектеп демалысы қарсаңында дәстүрлі түрде өткізіледі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram