Екібастұзда «Самғау» орталығына балаларды қабылдау жалғасуда
Қазіргі таңда орталыққа 1500-ден астам бала барып жүр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қала әкімі Аян Бейсекин өзінің Instagram-парақшасында мәлімдегендей, 5000-нан астам оқушы орталықтың үйірмелеріне алдын ала жазылып, сабақтардың басталуын күтуде.
– Үйірме топтары балалардың жазылуына қарай қалыптасып жатыр. Толық ақпаратты @samgau_ekibastuz парақшасынан алуға болады, жазылу М. Жүсіп көшесі, 52А мекенжайында орналасқан орталықтың өзінде жүргізіледі. Білім ошағының балалардың шат күлкісіне толуы көңілге қуаныш ұялатады. Біздің балаларымыз өте дарынды, олар жыл сайын жоғары жетістіктер көрсетуде, – деп жазды Аян Бейсекин әлеуметтік желіде.
Ол «Самғау» қабырғасындағы сабақтар өз жемісін беретініне және қала оқушыларының есімдері облыстық, республикалық және халықаралық деңгейде танымал болатынына сенім білдірді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram