Павлодарлық оқушыларға отыз жылға жуық өскен алып кактусты көрсетті

Павлодарлық оқушыларға отыз жылға жуық өскен алып кактусты көрсетті
Фото: pexels.com

Арнайы экскурсияда Луганск ауылының мектеп оқушыларына экзотикалық өсімдіктер туралы айтып берді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар ауданының Луганск ауылындағы балалар мен жасөспірімдер экология және туризм орталығының жылыжайында тәуелсіздіктің құрдасы–1994 жылы отырғызылған кактус өсімдігі әлі күнге дейін өсіп, өнуде. Луганск мектебінің «Ландшафттық дизайн» үйірмесінің қатысушылары суккулент өсімдігін көріп қайтты. Аталмыш көне кактус дәмді жидек береді. 

Оқушыларға туя, фикус, кигелия және гипоцитра сияқты экзотикалық өсімдіктердің түрлері туралы айтып берді. Оқушылар фуксияның алқызыл жарқын түстерін тамашалай алды.  

Ал «Жас эколог»  мұражайында балалармен әлемдегі табиғи құбылыстар, физикалық ашылулар және тағы да басқа қызықты да, пайдалы мағлұматтармен бөлісті. Сондай-ақ, бақшадаға өткен экскурсия барысында алма ағашының 35 түрі көрсетілді.

Ал шеберлік сабақ кезінде оқушылар ағаштарды егу үрдісіне қатысып, кескіштерімен жұмыс істеді.