Екібастұзда трактор өртенді

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, хабарлама түскеннен кейін 15 минут ішінде оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер «ЮМЗ-6» маркалы трактордың жануын сөндіріп, жанармайдың жарылуына және жалынның басқа нысандарға таралуына жол бермеген.
Өрттің шығу себебі анықталуда.
Ведомство тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.