Павлодарда әлеуметтік маңызы бар өнімдер көтерілген бағамен сатылды

Павлодарда әлеуметтік маңызы бар өнімдер көтерілген бағамен сатылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Заң бұзушылықты прокуратура анықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Талдау нәтижесінде қалада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары көтерілген бағамен сатылғаны анықталды.

– Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы бағаларды есептегенде, бұзушылық жіберген. Осы сәтті пайдаланып, кәсіпкерлер тауарларды әдеттегіден жоғары бағамен сата бастаған. Бұл халық үшін өнімнің қолжетімділігіне кері әсерін тигізді, – деді басқармада.

Жіберілген заң бұзушылық үшін кінәлі тұлғалар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, прокуратура ағымдағы жылдың екінші тоқсанындағы баға шегін төмендетуге қарай қайта қарауға негіз болған тексеру актісін ұсынды.