Екібастұзда жүргізуші куәлігінсіз көлік тізгіндегендер жауапқа тартылды

Екібастұзда жүргізуші куәлігінсіз көлік тізгіндегендер жауапқа тартылды
Константин Шелковтің иллюстрациялық фотосы

Автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, тәртіп сақшылары бұзушылардың әрекетін рейдтік іс-шара кезінде анықтаған.

- М.Жүсіп көшесінде Nissan мен Лада гранта автомашинасы, Энергетиктер көшесінде Лада-211440 автомашинасы, Сәтбаев көшесінде Лада-21134 автомашинасы тоқтатылды. Әр жағдайда жүргізушілерде көлікті жүргізуге құқық беретін құжаттар болған жоқ. Тексеру барысында олардың 7 жыл мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылғандығы анықталды. Себебі жүргізушілер бұған дейін көлікті мас күйінде жүргізгені үшін сотпен жазаланған, - деді Екібастұз қаласы ПБ жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Медет Бейсенов.

Тәртіп сақшысы құжатсыз әрі жүргізу құқығы жоқ адамның көлік құралын тізгіндегені үшін барлық бұзушыларға қатысты материалдар сотқа жіберілгенін нақтылады. Автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды.

Заңнамаға сәйкес әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде заңды қайта бұзғаны үшін жүргізушілерге 70 АЕК-ке дейінгі мөлшерде әкімшілік айыппұл салынуы немесе он бес тәулікке әкімшілік қамауға алынуы мүмкін. 

Айта кетейік, ағымдағы жылы Павлодар полицейлері құжатсыз және жүргізу құқығы жоқ көлік құралдарын басқарған 347 жүргізушіні жазалады. Оның 227-сі Екібастұз өңірінде. Барлық құқық бұзушылар қолданыстағы заңнама шеңберінде жауапқа тартылды.