Павлодар облысының Чернобыль ардагерлері біржолғы төлем алады
Әлеуметтік көмекпен 370-тен астам тұрғын қамтылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысушылар 150 мың теңге алады. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Дисюпова мәлім етті.
Биыл 370-тен астам адамға біржолғы төлем беріледі. Ақша қаражаты «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ұсынған тізімдерге сәйкес алушылардың дербес шоттарына автоматты түрде аударылатын болады.