Екібастұздық эпидемиологтар тамақтан уланудан сақ болуға шақырды
Мамандар қоғамдық тамақтандыру объектілерінің негізгі талаптарымен бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Екібастұз қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы қоғамдық тамақтану объектілерінде бұқаралық іс-шараларды (той, еске алу асы) өткізу кезінде санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету және жаппай тамақтан уланудың алдын алу мақсатында бірқатар қағидаларды ұстануды ескертті.
– Жеке гигиенаны, қол гигиенасын сақтауға ерекше көңіл бөлген дұрыс. Тамақ қалдықтарының ыдырауын болдырмау үшін қалдықтардың контейнерлерде (ыдыстарда) жиналуына жол бермеңіз. Қоқысты уақтылы шығаруды қамтамасыз етіп, тамақ қалдықтарын арнайы жабылатын таңбаланған ыдыстарға (жинағыштарға) жинау қажет, – дейді эпидемиологтар.
Сондай-ақ өнімнің қауіпсіздігі мен сапасының көрсеткіштерін сақтауды қамтамасыз ететін температуралық-ылғалдылық және жарық режимдерінде өнімнің сақталуын, сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шарттарды сақтай отырып, тамақ өнімдерін мамандандырылған автокөлікпен тасымалдауды жүзеге асыру қажет. Орындалатын жұмыстардың сипатына сәйкес келетін кәсіптік даярлығы (біліктілігі, мамандығы) бар, атап айтқанда – тамақтандыруды ұйымдастыратын, сондай-ақ тамақ өнімдерін өндіру қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптарды сақтау саласында гигиеналық оқытудан және аттестаттаудан өткен, жұмысқа рұқсаты бар жеке медициналық кітапшалары бар персоналды мерекелік тәттілерді дайындауға тарту керек.
Сондай-ақ мамандар тағамды дайындауға, оның ішінде етті алдын ала пісірмеуге кеңес береді. Барлық азық-түлік шикізатына, өнімдерге сапа мен қауіпсіздікті растайтын, қадағалауды қамтамасыз ететін құжаттар болуы тиіс.