Екінші Павлодардағы көше жабылады
Онда жолға орташа жөндеу жұмысы жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімі мәлімдеді.
- Российская көшесінен Целинная көшесіне дейінгі Салтыков-Щедрин көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай 11 қазаннан бастап Российская көшесінен Целинная көшесіне дейінгі жолдың учаскесі жабылады, - делінген хабарламада.
Бөлім туындаған қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұрай отырып, жүргізушілерден алдын ала бағыттарын жоспарлауды сұрайды.