Экология вице-министрі Павлодар облысының тұрғындарымен кездеседі
Тілек білдірушілер сұрақтарын қоя алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстың Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 наурыз күні экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Өшірбаевпен кездесу өтеді.
– Азаматтарды жеке қабылдау, халықпен, коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесу, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг өткізу жоспарланған, – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Кездесу орны мен уақыты қосымша хабарланады.
Жеке қабылдауға белгіленген нөмірлер бойынша жазылуға болады: +7(776)074-33-94, 65-25-59, 32-40-50.