Екібастұз ауылдық аймағында құрғақ шөп жанды

Өрттің шығу себептері анықталуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
29 маусым күні кешке Шиқылдақ және Марғұлан ауылдары арасындағы ашық жерде құрғақ шөптің жануы орын алды. Өрт екі бөлек учаскені қамтыды, олардың жалпы ауданы шамамен 92 гектарды құрады.
Оқиға орнына дереу «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында жергілікті атқарушы органдардың жанынан құрылған өрт сөндіру бекеттерінің күштері мен құралдары, сондай-ақ ТЖД өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері жетті.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді және жедел әрекеттері қысқа мерзімде өртті оқшаулауға және толығымен жоюға мүмкіндік берді. Зардап шеккендер жоқ.
– Бұл шалғайдағы елді мекендерде өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыру үшін құрылған ауылдық өрт сөндіру бекеттерінің тиімді жұмысының нәтижесі болып табылады, – дейді облыстық ТЖД-де.
Департаментте азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады.