Павлодарда мықты шахматшылар чемпиондық атаққа таласты

Павлодарда мықты шахматшылар чемпиондық атаққа таласты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Шиеленісті ойындарда әр ұпай алтынның салмағына тең болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыс орталығында 2025 жылғы жылдам шахматтан облыс Кубогының финалы өтті. Кубоктың барлық кезеңдерінің қорытындысы бойынша іріктеуден өткен 12 мықты шахматшы чемпиондық атаққа таласты. Турнир айналма жүйе бойынша ұйымдастырылды – әр шахматшы барлық ойыншымен ойнайды. 

Турнирдің салтанатты ашылуын Қазақстан шахмат федерациясының Павлодар облысы бойынша филиалының атқарушы директоры Арыстан Қапаев өткізіп, өңірдегі шахматты дамытудың маңыздылығын және әрбір қатысушының жалпы шахмат қозғалысына қосқан үлесін айтты.

Финалдың бас төрешісі Павел Казаков барлық турларда төрешілік пен ұйымдастырушылық тәртіптің жоғары деңгейін қамтамасыз етті. 

Ал, ардагерлер үйінде Павлодар қаласының ардагерлері арасында өткен жарыс швейцариялық жүйе бойынша жеті турда өткізіліп, құрмет, достық және спорттық рух атмосферасы орнаған шахматтың нағыз мерекесіне айналды.

Ардагерлер арасындағы турнирдің қорытындысы бойынша бірінші орын Еркебұлан Сайдильдин, екінші орын Марат Мейрхановқа берілсе, үшінші орын Талаппек Дисембаевқа бұйырды.

Турнирден кейін қатысушылар үшін дастархан жайылды. Шахмат күні ыстық шай, тәттілермен аяқталды.