Павлодарда жалған нөмірмен жүрген Lexus жүргізушісі қамауға алынды

Павлодарда жалған нөмірмен жүрген Lexus жүргізушісі қамауға алынды
Фото: Константин Шелков

Көлік иесінің жүргізуші куәлігі де болмаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары жалған мемлекеттік нөмірлер тағып алған Lexus автокөлігін тоқтатқан. Сонымен қатар, жүргізуші бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған. 

– Нөмірлері  жалған және жүргізуге құқығы жоқ жүргізуші көлік құралын жүргізгені үшін бір тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Сондай-ақ, 50 АЕК мөлшерінде, яғни 172 500 теңгеге айыппұл салынды, – деді департаментте.  

Айта кету керек, жыл басынан бері облыс орталығында жалған нөмірлік белгілері бар көлікті жүргізген бес жүргізуші ұсталды.