Екібастұзда ұрланған телефон иесіне қайтарылды
Тәртіп сақшылары ұрыны үш сағат ішінде құрықтаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Екібастұз қаласы полиция басқармасының бастығы Қайыржан Шақарғалиевтың атына қала тұрғыны Арман Мұқашевтан алғыс хат келіп түсті. Полиция қызметкерлері қысқа мерзімде күдіктіні анықтап, ұялы телефонды иесіне қайтарып берген.
– Жұмыста телефоның жоғалтып алғанын білгенде, ол бірден 102 нөміріне қоңырау шалып, мән-жайды хабарлады. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары ұрыны анықтап, үш сағат ішінде телефон иесіне қайтарылды,– деді департаментте.
Қала тұрғыны криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі Айдарханов Әлібекке және жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы Әбілғазы Серікке шын жүректен алғысын білдірді.