Павлодардағы шаңғы базасының аумағында өрт шықты

Павлодардағы шаңғы базасының аумағында өрт шықты

Аумақта құрғақ шөп пен мамық жанған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

- Оқиға орнына бір техника мен үш қызметкер жұмылдырылды. Өрт жалпы аумағы 100 шаршы метр жерді шарпыған, - делінген хабарламада.

Жалын сағат 15:58-де ауыздықталып, 16:00-де толықтай жойылды.

Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.