Павлодар облысында мал ұрлауға кімнің қатысы бар екені анықталады

Павлодар облысында мал ұрлауға кімнің қатысы бар екені анықталады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өңірімізде «Мал ұрлаушы» жедел алдын алу іс-шарасы басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, малды ұрлауға, ұрыларды ұстауға және қылмыстық жауапкершілікке тартуға қатысы бар адамдарды анықтау мақсатында 18-20 қараша аралығында «Мал ұрлаушы» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

 –   Облыстың тәртіп сақшылары аумақтық ауыл шаруашылығы басқармаларының мамандарын тарта отырып, тасымалданатын малдың тиесілігін тексеру мақсатында тиісті құжаттаманың бар-жоғына мал мен ет өнімдерін тасымалдайтын автомашиналарды тексеруді ұйымдастырды, – деді департаментте.

Полицейлер облыс аумағындағы шаруа қожалықтары, фермалар мен шалғайдағы нүктелерді тексереді, базарларда, мал және ет өнімдері сатылатын сауда орталықтарында рейдтік іс-шаралар өткізіп, заң бұзушыларды жауапкершілікке тартады.