Ағаштар кескен Ақсу қаласының тұрғындары ұсталды

Ағаштар кескен Ақсу қаласының тұрғындары ұсталды
Фото: pixabay.com

Тәртіп бұзушылар бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Полицейлер Ертіс өзенінің жайылмасында ағаштарды заңсыз кесіп жатқан Ақсу қаласының бес тұрғынын ұстады.

– Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Бұл әрекет табиғатты қорғау және орман шаруашылығы заңнамасын өрескел бұзу болып табылады, – деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаментінде.

Тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау, сондай-ақ заңсыз әрекеттің басқа ықтимал қатысушылары мен ұйымдастырушыларының жолын кесу жұмыстарын жалғастыруда.