Екібастұзда ауыл шаруашылығы жерлеріне конкурс жарияланды

Егістік, жайылым, шабындық және басқа да алқаптар ұсынылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қала әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің мәліметінше, 4 тамыз күні сағат 14:30-да ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс өтеді.
Жалпы көлемі – 7 249,1671 гектар. Оның ішінде: 731,89 га – егістік, 6 385,8507 га – жайылым, 100,1464 га – шабындық, 31,28 га – басқа алқаптар.
Өтінімдер 14 шілдеден бастап 1 тамыз аралығына дейін Энергетиктер көшесі, 62 мекенжайы бойынша қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін қатысуға өтінім мен конкурстық ұсыныс тапсыру қажет.
Жер учаскелерінің толық тізімін сілтеме бойынша көруге болады.
Анықтама телефондары: 8 (7187) 34-72-90, 8 (7187) 74-11-14.