Екібастұз тұрғынына петропавлдықтың бүйрегі салынды

Екібастұз тұрғынына петропавлдықтың бүйрегі салынды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ота сәтті өтті, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының көпсалалы қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасында «UMC» КҚ, «ҰҒОО» ЖШС мамандарының қатысуымен қайтыс болғаннан кейінгі донор – 1962 жылы туған адамның органдары алынып, трансплантацияланды. Жүрегі 1971 жылы туған Алматы қаласының тұрғынына, бауыры 1981 жылы туған Астана қаласының, бүйрегі 1985 жылы туған Екібастұз қаласының тұрғынына салынды. 

2016 жылдан бастап Павлодар облысында трансплантология бойынша өңірлік үйлестіруші болып жұмыс істейтін Дмитрий Потеребухтың айтуынша, биыл Қазақстан бойынша екі мультиорган алынған. Бір жағдай Алматы облысында, екеуі Солтүстік Қазақстан облысы мен  Петропавл қаласында болған.  Петропавлда 39 жаста жас жігітке жол-көлік оқиғасы салдарынан бас миының өлуі диагнозы қойылған. Оның органдары қазақстандықтарға трансплантацияланды.

Екібастұздан келген 85 жылы туған ер адам көптен күткен орган – бүйрегін алды. Бүйрек сәтті трансплантацияланды. Қазіргі уақытта реципиент ауруханада жатыр, жағдайы қалыпты, операциядан кейінгі кезең жақсы өтті. Ол енді басқа адамдар сияқты өмір сүре алады. Таңдау тіннің үйлесімділігіне байланысты іріктеледі. Жай ғана трансплантациялай алмаймыз және күту парағында кезек тәртібі жоқ. Яғни, реципиент пен донордың қаны сәйкестігіне зерттелді, – дейді ақ желеңді.

Дәл осы реципиентке бүйрек жарамды болып шыққан. Сондықтан оны Астананың орталығына трансплантациялауға шақырып, бүйрегі трансплантацияланған.

Реципиент қысқа мерзімде шақырылады. Өйткені егер донордың тіндік үйлесімділігі осы реципиентке сәйкес келсе, олар әртүрлі қалалардан болуы мүмкін. Сондықтан реципиент қысқа мерзімде ауруханаға, яғни бүйрегін трансплантациялау үшін Астанаға келуі керек. Қоңырау шалған соң ол бірден келіп, Петропавлдан органның келуін күтті, – дейді Дмитрий Потеребух.

Павлодар облысында гистосәйкестікті дәл жүргізетін үш зертхана бар. Астана базасында екі адамның гистосәйкестігін (мүшелер мен тіндердің үйлесімділігін) анықтау үшін HLA антигендерін зерттеу жүргізілді. Екібастұздан келген пациент Петропавлдағы донорға барынша 100%  сәйкес болған. 

Павлодар облысы бойынша жалпы алғанда күту тізімінде 216 адам бар, оның 208-і тек бүйрек бойынша тұр. Бауыр, жүрек және өкпе бойынша адам саны көп емес. Қазақстан бойынша қазіргі уақытта 4117 адам күту парағында болса, оның 3700-ге жуығы бүйрегін ауыстыруы керек. Олардың ішінде 100-ге жуығы – балалар.