Павлодар облысында ауруханаға пневмониямен түскендер азаймай тұр

Павлодар облысында ауруханаға пневмониямен түскендер азаймай тұр
Фото: pixabay.com

Бұл дерттің тіркелуі өткен жылғы деңгейде қалып отыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі Қымбат Қазкенованың айтуынша, пневмония – төменгі тыныс жолдарының зақымдануы. Бұл вирустық инфекцияның асқынуы немесе микрофлорамен қосымша жүретін ауру.

Пневмонияны қант диабеті, жүрек-қан тамырлары аурулары, эндокриндік бұзылулар, семіздік, темекі шегу және өкпе аурулары сияқты қатар жүретін аурулары бар егде жастағы адамдарға жұқтыруы мүмкін.

Бірақ көбінесе балалар пневмониямен ауырады.

– Қазіргі таңда облыстық балалар ауруханасында 32 бала жатыр. Баланың тыныс алу жолдары ересектерге қарағанда кішірек болғандықтан, бактериялар өкпеге тез еніп, жұғады, – дейді спикер.

Биылғы жылы пневмонияны тіркеу бұрынғы деңгейде қалды, бірақ өткен жылдың қараша-желтоқсан айларында аурушаңдықтың айтарлықтай өскені байқалды.

– Бірінші қалалық, облыстық және үшінші қалалық ауруханалардың терапевтік стационарларына күн сайын пневмониямен ауыратын науқастар жатады,– деп атап өтті Қымбат Қазкенова.

Бұл ауруды емдеу тәсілдері пневмонияның вирустық немесе бактериялық болуына байланысты таңдалады.