Павлодар облысында құтқарушылар шетелдік туристерге көмекке келді

Павлодар облысында құтқарушылар шетелдік туристерге көмекке келді
Фото: жасанды интеллект

Олардың көлігі батпаққа батып кетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Баянауыл ауданында Голландиядан келген шетелдік туристер әлемді автоүймен аралап, табиғаттың құрсауында қалды. 

– Олардың көлігі Кемпіртас жартасының жанындағы тұзды батпақтың тұтқыр балшығында қалып қойды. Өздігінен шыға алмаған саяхатшыларға ТЖМ қызметкерлері, «Баянауыл су арнасы» қызметкерлері және жергілікті тұрғындар жедел көмекке келді. Олар бірлесіп әрекет жасап, автоүйді шығарып алды, – делінген хабарламада.

Ведомствода атап өткендей, шетелдік қонақтар құтқарушыларға көмегі мен жылы қабылдауы үшін шын жүректен алғыстарын білдіріп, содан кейін өздерінің үлкен сапарларын жалғастырды.