Павлодарда асханадан өрт шығып, эвакуация жүргізілді

Павлодарда асханадан өрт шығып, эвакуация жүргізілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 сәуірде сағат 21.45-те өрт сөндіру қызметінің пультіне Назарбаев даңғылы 21 мекенжайы бойынша орналасқан бес қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. 

Шақыру орнына келген өрт сөндірушілер «Ласточка» дүкенінің бірінші қабатында орналасқан асханада тоңазытқыш камерасы, ыдыс жуу машинасының корпусы және екі шаршы метр аумақта пластикалық терезенің жанғанын анықтады.

– Өрт сөндірушілердің сүйемелдеуімен баспалдақ арқылы екінші және үшінші подъездерден 20 адам эвакуацияланды, оның ішінде бесеуі  – бала, – деді департаментте. 

Өрт сөндірушілердің күшімен тілсіз жау сағат 22.09-де толықтай жойылды. Өрттің шығуына тоңазытқыш камерасы электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.