Павлодар әкімі қарашада төрт ауылда тұрғындармен кездеседі

Павлодар әкімі қарашада төрт ауылда тұрғындармен кездеседі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кездесулер барысында тұрғындар қала әкіміне өздерін толғандырған мәселелерді тікелей жеткізе алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Шаһар басшысы Хасар Хабылбеков қараша айында қалаға қарасты ауылдық округтер, кенттер мен ауылдардың тұрғындарымен кездесулер өткізеді.

Жарияланған кестеге сәйкес, алғашқы кездесу 13 қараша күні сағат 11:00-де Жетекші ауылындағы Мәшһүр Жүсіп көшесі, 15 мекенжайындағы мәдениет үйінде өтеді.

Одан кейін 18 қарашада әкім Атамекен кентінің тұрғындарымен жүздеседі. Кездесу сағат 11:00-де Сарыарқа көшесі, 53/1 мекенжайындағы Жаяу Мұса атындағы мәдениет үйінде ұйымдастырылады.

20 қарашада дәл осы уақытта Кенжекөл ауылындағы Ата Заң алаңы, 3/2 мекенжайында орналасқан мәдениет үйінде тұрғындармен кездесу жоспарланған.

Ал 25 қарашада қала басшысы Павлодар ауылының тұрғындарын қабылдайды. Жиын сағат 11:00-де Мұқан қаған көшесі, 5 мекенжайындағы мәдениет үйінде өтеді.