Павлодар облысы тас жолында екі жылқыны көлік қағып кетті

Павлодар облысы тас жолында екі жылқыны көлік қағып кетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мал иесі анықталған соң жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, сағат 02:50 шамасында «Chevrolet Monza» маркалы автокөліктің жүргізушісі Павлодар – Қызылорда автожолында жолдың жүру бөлігінде өтіп бара жатқан екі жылқыны қағып кеткен. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жылқылар өліп қалған. 

Еске сала кетейік, Кеңес ауылының маңындағы Атамекен кенті - Ертіс - Русская поляна  республикалық маңызы бар жолда қараусыз 12 бас жылқы жайылып жүрген.  Мал иесі  35 жастағы Ертіс ауданы Кеңес ауылының тұрғыны болып шықты. Ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды. Сондай-ақ мұндай бұзушылықтардың алдын алу бойынша малдың иесімен әңгіме жүргізілді.