Екібастұзда еңбек заңын бұзған құрылыс нысанның жұмысы тоқтады
Онда шетелдік азаматтар заңсыз еңбек еткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Өзбекстан Республикасының алты азаматы мен Әзірбайжан Республикасының бір азаматы қала нысандарының бірінде құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған.
- Құжаттарды тексеру олардың біреуінің біздің елде тіркелу мерзімі өтіп кеткенін, оған ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі бойынша хаттама толтырылып, қалған шетелдіктерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік материалдар толтырылғанын атап өтті. Еңбек мигранттарын жалдаушыға қатысты тексеру жүргізілуде, - деді Екібастұз қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Төлеген Құдайбергенов.
Барлық материалдар қарастырылып, шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.