Екібастұзда түнде бір топ жастың арасында төбелес шықты (ВИДЕО)
Төбелеске қатысушылардың барлығы анықталды, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Айта кетейік, әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде бір топ жас төбелескен видео тарады. Бейнекадрлардан 20 шақты адамның бірін-бірі аяусыз соққыға жығып жатқанын көруге болады.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 маусым күні сағат 03.11-де Екібастұз қаласының полициясына бір топ адамның төбелесіп жатқаны туралы шақыру түсті.
– Аталған фактіге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК 293-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Соның нәтижелері бойынша оқиғаға қатысушылардың барлығының іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі, – деді департаментте.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.
Посмотреть эту публикацию в Instagram