Павлодарда жиһазын аулаға тастаған азамат айыппұл арқалады

Павлодарда жиһазын аулаға тастаған азамат айыппұл арқалады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ескі дивандар аула тұрғындарына ұнамаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Н.Назарбаев даңғылындағы көпқабатты үйлердің бірінің тұрғындары ескі дивандарды, пластикалық қораптарды, ағаш жәшіктерді әкеліп, үйдің ауласына түсірген Газель жүргізушісіне шағымданған.

– Полиция жүргізушінің жеке басын анықтады. Абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, бұзушыға өзі қалдырған қоқысты алып тастау ұсынылды, – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Ведомствода қаланы абаттандыру ережелеріне сәйкес, кәсіпорындар, мекемелер мен жеке тұлғалар ірі көлемдегі қоқыстарды өз бетінше шығаруы немесе қоқыс шығарушы ұйымдармен әкету туралы шарт жасасуы тиіс екенін еске салады.