Екібастұзда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

Екібастұзда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көлік айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды @Pavloarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 қарашада М. Әуезов көшесінің ауласында Тойота Карина маркалы көлігінің жүргізушісі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді. 

Еске сала кетейік, дәл сол күні таңертең Мәшһүр Жүсіп – Әуезов көшелерінің қиылысында да жол апаты орын алды. 25, 47 және 58 жастағы зардап шеккен үш адам қалалық ауруханаға жеткізілді.