Павлодарда қарсы қозғалысқа шыққан жүргізуші сотта жауап беретін болды

Материал сотқа жіберілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қарсы жолаққа шығу жол жүру ережелерін өрескел бұзушылықтардың бірі болып табылады. Мұндай маневр барлығына қауіп төндіреді, сондықтан қарсы жолаққа шығу салдарынан апаттар жиі орын алады және салдары қайғылы болуы мүмкін.
– Торайғыров көшесінде төрт жолағы бар екі жақты қозғалыстағы жолда қарсы қозғалысқа шыққан «Toyota» жүргізушісі тоқтатылды. Жүргізуші жауапқа тартылып, материал сотқа жіберілді, ал автокөлік арнайы тұраққа қойылды, – деді департаментте.
Айта кетерлігі, тек ағымдағы жылы қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін 236 жүргізуші жауапқа тартылды. Заңнамада мұндай заң бұзышулық үшін алты ай мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру қарастырылған.