Павлодарда екі кәмелетке толмаған қызды көлік қағып кетті

Павлодарда екі кәмелетке толмаған қызды көлік қағып кетті
Фото: Константин Шелков

Оларды түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 2 қазан күні кешкі сағат 19:04-те Ак. Шөкин мен Сәтбаев көшелерінің қиылысында «Chevrolet Onix» маркалы көліктің иесі 14 жастағы екі қызды қағып кетті. Олар жолды жаяу жүргіншілер өткелінен өткен. Жол-көлік апаты салдарынан жасөспірім қыздар ауруханаға жеткізілді. 

Облыстық балалар ауруханасында зардап шеккендердің жағдайы жайлы айтып берді.

– Олардың бірі мидың шайқалуы деген диагнозбен травмотология бөлімшесінде жатыр. Екінші қыз бірқатар жарақаттар алып, үйге жіберілді, – деді аурухананың баспасөз қызметінде.

Полиция қызметкерлері тергеуді бастады. Көлік айып тұрағына қойылды.