Екібастұзда қонақтан шыққан тұрғын жолда ұйықтап қалған

Екібастұзда қонақтан шыққан тұрғын жолда ұйықтап қалған
Фото: pixabay.com/DzidekLasek

Ол үйіне жете алмаған, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, патрульдік полиция ротасының қызметкерлері күн сайын патрульдеу барысында заматтарды мас күйінде көшелерде, орындықтарда, саябақта және автобус аялдамаларында анықтайды. 

Сауда үйінің жанындағы орындықта ер адам мас күйінде ұйықтап жатқан. Полиция қызметкерлері оны уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізді. Ал екі күн бұрын жолда ұйықтап жатқан ер адам орталыққа жеткізілді. Қала тұрғыны қонақтан шыққаны белгілі болды, бірақ үйіне жете алмай қалған, – дейді  Екібастұз қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Талғат Шанкотов. 

Медициналық қорытындыға сәйкес, ол орташа дәрежеде мас болған. Тәртіп бұзушыға әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде мас күйінде қайтадан қоғамдық орындарда пайда болғаны үшін хаттама толтырылды, сот оны бес тәулікке әкімшілік қамауға алды. 

Айта кету керек, 2024 жылдың тоғыз айында тәртіп сақшылары осындай құқық бұзушылық үшін 2500-ден астам адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты.