Екібастұзда әкесіне дөрекі сөздер айтқан жігіт қамауға алынды

Екібастұзда әкесіне дөрекі сөздер айтқан жігіт қамауға алынды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Сондай-ақ құқыққа қайшы әрекеттерден қорғау үшін 30 тәулікке дейінгі мерзімге қорғау ұйғарымы шығарылды, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері жәбірленушілерді қорғауға 691 қорғау ұйғарымы шығарылған. Қорғау талаптарын бұзғаны үшін 71 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 27 тәртіп бұзушыға қатысты 10 тәулікке дейін қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

– Мысалы, 37 жастағы ер адам үйінде мас күйінде жанжал шығарып, 61 жастағы әкесіне дөрекі сөздер айтқан. Учаскелік полиция инспекторы отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер фактісі бойынша материалдар жинады. Қалалық сот тәртіп бұзушыны бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алды. Бұдан басқа, құқыққа қайшы әрекеттерден қорғау үшін 30 тәулікке дейінгі мерзімге қорғау ұйғарымы шығарылды, ұлына 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуды қарастыратын әкімшілік жауапкершілік туралы түсіндірілді, –  деп хабарлады Екібастұз қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің бастығы Рустам Умаров.

Тағы бір жағдайда 9 қыркүйекте сағат 23.00 шамасында 30 жастағы ер адам өз пәтерінде жұбайына жанжал шығарған. Учаскелік полиция инспекторы ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі бойынша материалдар жинап, материал сотқа жіберілді. 

Қорғаныс ұйғарымымен жәбірленушінің еркіне қайшы, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға, іздеуге, қудалауға, баруға, ауызша, телефон арқылы келіссөздер жүргізуге және онымен өзге тәсілдермен, оның ішінде кәмелетке толмағандармен және әрекетке қабілетсіз отбасы мүшелерімен байланысуға тыйым салынады.

Айта кетерлігі, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға түзетулер енгізілген сәттен бастап «102» пультіне отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 360-тан астам арыз түскен. Оның ішінде 223 факті бойынша жәбірленушілердің арызысыз әкімшілік істер қозғалып, тәртіп бұзушылар 5 тәуліктен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынды.