Павлодарда мобилографияны тегін оқытады

Павлодарда мобилографияны тегін оқытады
Фото: Константин Шелков

Бұл курста SMM мамандығына да оқуға мүмкіндік бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық жастар бастамаларын дамыту орталығының мәліметінше, 9 шілде күні 17.00-де орталықта SMM және Мобилография бойынша офлайн курс ұйымдастырылмақ. Бұл курс үш күнге созылатын болоды. Сабақты 12 жылдық тәжірибесі бар тәжірибелі SMM-мобилограф Әсемгүл Жұмабаева өткізеді. 

Курста мобильді түсірілім техникасының негіздерін, түспен және жарықпен жұмыс істеуді, практикалық сабақтар мен жобалар, фотосурет негіздері туралы мәлімет алуға мүмкіндік бар. 

Курсқа жазылу үшін WhatsApp мессенджерде тіркелген +7(776) 737 30 67 нөміріне хабарласа аласыздар.