Екібастұздағы төгілген күкірт қышқылын бейтараптандыруға 40 тоннаға жуық әк жектізілді
Оқиға орнында 15 адам қызмет етуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, енді күкірт қышқылымен толтырылған цистерналарды герметикалық тығыздау жүргізіледі.
- Күкірт қышқылының ағып кетуін жою үшін ТЖД қызметкерлері жұмылдырылды. 28-29 тамызға қараған түні ТЖД мен ОСО күштері қауіпті деп саналатын жағдайдағы күкірт қышқылының ағуын сәтті тоқтатты. Оқиға орнына 37 тоннадан астам әк жеткізілді. Ол күкірт қышқылын бейтараптандыру үшін пайдаланылды, - делінген хабарламада
29 тамыз, сағат 15-00 -дегі жағдай бойынша, күкірт қышқылының ағуы тоқтады. Құрамында 15 адам бар ҚТЖ ҰК АҚ қызметкерлері күкірт қышқылын құйып, кейіннен әкпен толтыруға кірісті. Күкірт қышқылымен толтырылған цистерналарды герметикалық тығыздау жүргізіледі.
Апатты жою жұмыстары әлі де жалғасуда.
Төгілген қышқылдың жалпы көлемі сараптама жүргізілгеннен кейін белгіленеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін 28 тамызда Екібастұз қаласы, Екібастұз-2 станциясы, №6 жол цистернадан күкірт қышқылының ағып жатқаны туралы хабарланды. Мұнда тасымалданатын күкірт қышқылының жалпы көлемі 78,3 тоннаны (2 вагон) құрайды. Оның құрамында 51% - аспайтын қышқыл бар.