Екібастұздық жасөспірімнің жоғалғанына бір ай болды

Екібастұздық жасөспірімнің жоғалғанына бір ай болды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оны Павлодар қаласында көрген деген ақпарат түсті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Vita» іздеушілер жасағының мәліметінше, 2008 жылы туған Роман Тараскинді іздестіру жұмыстары әлі де жалғасуда.

– Ол 21 тамыз күні Кеншілер көшесі, 14-үй мекенжайынан шығып кеткен. Сол уақыттан бері оның қайда екені белгісіз. Іздеу шаралары тек Екібастұзда ғана емес, Павлодарда да жүргізілді, себебі жасөспірімді сол жақтан көрген деген ақпарат түскен. Алайда қазіргі таңда іздеу жұмыстары негізінен Екібастұзда жалғасуда, – делінген хабарламада.

Өңірдегі еріктілер іздеуді тоқтатқан жоқ.

– Олар бағдар қағаздарын іліп, тұрғындар мен дүкен қызметкерлерінен сұрастыру жүргізіп, компьютерлік клубтарды тексеруде. Жоғалғанына бір айға жуық уақыт өтті. Романның туыстары қатты алаңдап, оның аман-есен үйіне оралуын күтуде, – деді «Vita» іздеушілер жасағының өкілдері.

Егер сіз жасөспірімнің қайда екенін білсеңіз, еріктілердің мына телефон нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз:

  • 8 747 615 55 63 – Катерина (топ жетекшісі);
  • 8 778 295 97 55 – Самал (Екібастұз қаласы бойынша үйлестіруші).

Еске сала кетейік, жасөспірімнің бойы шамамен 160 см, көзі қоңыр, шашы қоңырқай, орташа денелі. Үстінде қою сұр футболка, қара джинсы және қара кроссовки болған.