WeDrink жетекшісі Павлодар жастарына бизнес бастаудың жолдарын айтады

WeDrink жетекшісі Павлодар жастарына бизнес бастаудың жолдарын айтады
Иллюстрация: жасанды интеллект

Арнайы алаңда Айзат Мұратқызы мен Айдар Курумбаев та медиа, кәсіпкерлік және жеке бренд туралы әңгімелейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жастар бастамаларын дамыту орталығында Creative Day іс-шарасы өтеді. Кездесуге түрлі салада тәжірибе жинақтаған спикерлер қатысады.

Арнайы қонақтардың бірі – кәсіпкер, WeDrink жетекшісі Дихан Аманжолов. Ол бизнес бастау, кәсіпті дамыту және жаңа идеяларды жүзеге асырудағы тәжірибесімен бөліседі.

Тағы бір спикер – журналист, «Мисс Павлодар» өңірлік директоры, «Ханым» салоны мен ательесінің негізін қалаушы Айзат Мұратқызы. Ол медиа, жеке даму, әйелдер кәсіпкерлігі және өз ісін дамыту бағыттарына тоқталады.

Сондай-ақ Павлодар облыстық мәслихатының VIII шақырылым депутаты, жастар мәселелері жөніндегі комиссия өкілі Айдар Курумбаев «Жеке бренд» тақырыбында сөз сөйлейді. Спикер өзін таныту, жеке бренд қалыптастыру және идеяларды аудиторияға сенімді ұсыну бойынша тәжірибесімен бөліспек.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Creative Day қатысушыларға тәжірибелі спикерлермен пікір алмасып, жаңа идеялар мен практикалық ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Іс-шара 24 тамыз күні сағат 13:00-де Ломов көшесі, 38 мекенжайындағы Жастар бастамаларын дамыту орталығында өтеді.