Екібастұзда жоғалып кеткен жасөспірімді іздеу жұмыстары жалғасуда

Еріктілер полициямен бірлесіп, оны Екібастұз қаласы мен Шідерті кенті маңынан іздеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Vita» іздеушілер жасағының мәліметінше, кеше Екібастұз қаласындағы еріктілер тобына полиция қызметкерлерінен хабарсыз кеткен жасөспірім туралы ақпарат келіп түсті.
– 2008 жылы туған Роман Тараскин 21 тамыз күні Кеншілер көшесі, 14-үй мекенжайындағы үйінен шығып кеткен. Содан бері оның қайда екені белгісіз. Еріктілер Романның достарын, сондай-ақ Шідерті кентін тексерді, бірақ нәтиже болмады. Жасөспірімнің саяжайларда немесе қаңырап бос қалған жерлерде болуы мүмкін, – деді іздеушілер.
Жасөспірімнің ерекше белгілері: бойы шамамен 160 см, көзі қоңыр, шашы қоңырқай, орташа денелі. Үстінде қою сұр түсті футболка, қара джинсы және қара кроссовки болған.
Роман туралы қандай да бір мәліметі бар тұрғындардан мына телефондарға хабарласу сұралады:
- +7 (747) 615-55-63 (Катерина, еріктілер тобының жетекшісі);
- +7 (778) 295-97-55 (Самал, Екібастұз қаласы бойынша үйлестіруші).
Посмотреть эту публикацию в Instagram