Ертістегі қайғылы оқиға: өрттен зардап шеккен бала көз жұмды

Ертістегі қайғылы оқиға: өрттен зардап шеккен бала көз жұмды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қайғылы жағдай 15 қаңтар күні орын алған болатын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, екі айдан астам уақыт жансақтау бөлімінде өмір үшін күрескен баланың демі бүгін таңертең үзілген.

— Бала күйік ауруының салдарынан қайтыс болды. Науқастың жағдайы біртіндеп нашарлай берді. Айқын токсикалық асқынулар мен көп ағзалық жеткіліксіздік синдромы дамып, нәтижесінде өлімге әкелді, - делінген хабарламада.

Басқармадағылар баланың облыстық балалар ауруханасына өте ауыр жағдайда жеткізілген атап өтті.

— Басы мен денесінің кең көлемді термиялық күйіктері, тыныс алу жолдарының күйігі, сондай-ақ көміртек тотығымен ауыр улану анықталған. 2015 жылы дүниеге келген баланың денесіндегі күйіктің көлемі 38–40% құрайды, - дейді ақжелеңділер.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 15 қаңтар күні таңғы сағат 8:33-те орын алған. Тілсіз жаудан құтқарушылар үш баланы құтқарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырған. Өкінішке қарай, 2018 және 2021 жылы туған балалар ауруханада көз жұмған болатын.