Павлодарда инвесторларға электрмен жабдықтау тарифтері төмендетілді

Павлодарда инвесторларға электрмен жабдықтау тарифтері төмендетілді
Фото: pexels.com

Монополист кәсіпорындардан жеңілдікті қолданбай жалпы тариф бойынша ақы алған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық прокурорлар өңір экономикасына 400 миллиард теңгеден астам инвестиция салған 20 кәсіпорынға қатысты электр энергиясына тарифтерді қолдану саласындағы бұзушылықтарды анықтады.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша инвесторларға жеңілдік тариф белгіленді, бұл электр энергиясының құнын төмендетуге мүмкіндік берді.

Облыстық прокуратурасының мәліметінше, қабылданған шара «Павлодар» АЭА қатысушыларының шығындарын қысқартты және өңірде инвестициялық қызметті жүргізу үшін неғұрлым қолайлы жағдайларды қалыптастыруға ықпал етті.