Ертең Павлодарда бірқатар үйде уақытша жарық болмайды
Ол қатарда Хромзавод және Лесозавод шағын аудандарындағы тұрғын үйлер де бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәлімдеуінше, 31 қазан күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін электр желісіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты Катаев көшесі, 40 және Хромзавод пен Лесозавод шағын аудандарындағы тұрғын үйлерде жарық болмайды.
Сонымен қатар, Гагарин көшесі, 60, 62, 64 көпқабатты үйлер де сағат 14:00-ден 17:00-ге дейін электр қуатынан ажыратылады.